Қызылордада «Ана мен бала» орталығында жаңа туған сәбилерге әрқайсысының өз есімі жазылған домбыра сыйға тартылды. Бұл - «Рухани жаңғыру» орталығының игі бастамасы. Ұлттық тәрбие ұлттық құндылықты дәріптеуден басталады. Сондықтан, ұйымдастырушылар «қазақтың қара домбырасын сыйлау арқылы баланың бойына тәлімді тәрбие қалыптастыруға болады»,-дейді. Сондай-ақ, «Домбыра фест» шарасы аясында қаладағы мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындарында үзіліс кезінде күйлер мен Сыр сүлейлерінің жырлары орындалды. Алдағы уақытта бұл дәстүрге айналмақ.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ