Ұлттық код – рухани жадымыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық код – рухани жадымыз

15.02.2018

Әр адам тұрмыс-тірлігін ұлттық болмысына қарай бейімдеп, қазақы құндылықтарға құрметпен қарағанда ғана мәңгілік ел боламыз. Мұны алдымен өскелең ұрпақтың санасына сіңіру маңызды. Осыны мақсат еткен тарихшы-ғалымдар мен өнер адамдары №64 мектеп-лицейінде астаналық екі жүз  оқушымен кездесті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен дөңгелек үстелде «Ұлттық код – рухани жадымыз» тақырыбы талқыланды. Жиын барысында оқушылар ойларын ортаға салып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Айнұр Өсербаева, №64 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

-  Біздің Елбасымыздың саясаты жастарға ұлттық нақышта тәрбие беру, ұлттық тілін, дінін құрметтеу, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру бағытында болуда. Соны көздей отырып, сол саладағы әдебиетші, тарихшы ғалымдарды және осы істі жаңғыртып, жандандырып жүрген белгілі адамдарды шақырып, балалармен жүздестіріп, өз пікірлерін ортаға салса екен деген мақсатпен ұйымдастырып отырмыз.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу