Амангелді Құрметұлы: Ұлттық кодты қазақтың мінезі деп бағалар едім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амангелді Құрметұлы: Ұлттық кодты қазақтың мінезі деп бағалар едім (ВИДЕО)

19.04.2017

Ұлттық код деген не деген мәселеге тоқталған журналист: «Ұлттық кодты қазақтың мінезі деп бағалар едім. Бізде кеңпейілділік бар, көңіліміз ашық жұртпыз, бұл жақсы. Бірақ, бұл мінез XXI ғасырдың бәсекелесі кезінде ысырапқа бастайтын қадам емес пе? Кейде есеп-қисап керек сияқты. Прагматик дегенді есеп-қисап деп қарау керек. Ол себепті ұлттық кодты мен ұлттың мінезі деп білемін»,-дейді.

Айта кетейік, бүгінгі «Басты тақырып» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналды.

Студия қонағы – медиасарапшы, журналист Амангелді Құрметұлы.

«Басты тақырып». Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу