Павлодарлық автобус жүргізушілері мемлекетке 1,5 млн.теңгеден астам айыппұл төледі. Бұл - Көліктік бақылау инспекциясы мен полиция бірлесіп ұйымдастырған «Автобус» жедел іс-шарасының нәтижесі. Жолаушы тасымалдаушы компанияларда енді жоспардағыдан бөлек тексеру жүргізілмек. Себебі, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы, жүк тасымалдау тәртібінің бұзылуы сынды деректерден бөлек, автобустар ішінен тез тұтанатын және жарылғыш заттар табылған. Сонымен қатар, жүргізушілердің жолда бірнеше күн ұйықтамайтыны алаңдатып отыр. Жедел алдын алу іс-шарасы ақпанның 18-не дейін жалғасады.
Болат АМАНБАЕВ