Шетелдік нөмірлі көлік иесі 91 рет «Сергек» бейнекамерасына түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік нөмірлі көлік иесі 91 рет «Сергек» бейнекамерасына түскен

18.10.2021

Ереже бұзған шетелдік көлік иелері қомақты айыппұл төледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері айтты. Қостанай облысында «қырғыз нөмірлі» көлік 91 рет «Сергекке» түскен. Жол қауіпсіздігін бұзғаны үшін 1 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді. Ал, Павлодарда Ресейде тіркелген көліктің иесі 69 рет жол ережесін бұзып, 751 мың теңге айыппұл төледі. Сондай-ақ жалған ресейлік нөмірлермен елге кіргізілген 80 көлік анықталды. Министрлік өкілдері шетелдік тіркеуі бар көлікті тексерусіз алудың соңы қылмыстық жауапкершілікке апаруы мүмкін екенін ескертті. Өйткен, көлік ұрланған болуы әбден мүмкін. Сондықтан жалған құжат жасағандар жазасыз қалмайды, дейді мамандар. Сондай-ақ министрлік өкілдері бір аптада тіркелген қылмыстық оқиғаларға тоқталды.

Нұрділда Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі: 
Өткен аптада елде 3059 қылмыс тіркелген. Оның 500-ден астамы ұрлық-қарлық болса, 18 адам кісі қолынан қаза тапқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифингте айтты. Полиция қызметкерлері із суытпай 11 кісі өлтіру, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 4 қарақшылық, 42 тонау және 515 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу