Мал өнімділігін арттыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мал өнімділігін арттыру керек

09.02.2018

Осы денсаулық сақтаумен жүйесімен қатар ауыл шаруашылығы саласы да соны серпілісті қажет ететіні жиі айтылады. Елбасы бүгінгі кеңейтілген Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтен ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен көптеп қамту, тауар өндірушілердің басын біріктіру жайын сұрады. Министр қазір республика бойынша ұжымдасқан шаруашылықтар, яғни, кооперативтер саны мыңға жеткенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сала басшыларын сынап та алды. Өйткені, түліктің түгі мен тұяғына дейін қайта өңдеп беруге ниетті стратегиялық инвестордың жобасы 3 жыл бойы қаралмаған. Ал, аграрлық салада шикізатты кәдеге жарату маңызды. Сондықтан, мұндай жағдайға бей-жай қарамау керектігін ескертті. Ет индустриясы да назардан тыс қалмауы тиіс. Себебі, 2016 жылы елге жеткізілген 40 мың бас асыл тұқымды малдың сұрауы бар. Бүгінде сол сиырлардың саны 300 мыңға жетіпті. Енді Қытай, Иран және Ресейге экспорттау мәселесі пысықталып жатыр. Жалпы, ауыл шаруашылығын дамытуға соңғы 5 жылда қомақты қаржы бөлінді.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу