Суға түсіп кеткен көлік жүргізушісі құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суға түсіп кеткен көлік жүргізушісі құтқарылды

05.02.2018

Мұз ойылып, өзен суына түсіп кеткен автокөлік шығарылды. Нақтырақ айтсақ, «ВАЗ 21014» маркалы темір тұлпар Атырау қаласы Ракуша ауылы тұсынан Жайық өзені арқылы Курилкин елді мекеніне өтпек болған. Сол кезде мұздың жұқа жері ойылып, 1989 жылғы азамат автокөлікпен бірге суға бата бастаған.  Абырой болғанда, көлікті тізгіндеген жігіт дер кезінде құтқарылды. Жүргізушіге қатысты хаттама толтырылып, айыппұл тағайындалды.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық  ІІД баспасөз хатшысы: 

 - Мұз үстінде қозғалудың қауіптілігіне қатысты бірнеше рет болған ескертулерге қарамастан, көлікпен Жайық өзенінің үстіне шыққан жүргізушіге қатысты қазіргі кезде ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 596 бабының 2-ші бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Жүргізуші 15 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу