Ақпан айының соңында «Жас Отанның» 4-ші съезі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпан айының соңында «Жас Отанның» 4-ші съезі өтеді

02.02.2018

Ақпан айының соңында «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты саналатын «Жас Отанның» 4-ші съезі өтеді. Жиынға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп жоспарланып отыр. Осыған орай, қазір «Жасотандықтар» алқалы отырысқа қызу дайындалып жатыр. Мәселен, ұйымның жетекшісі Данияр Сүндетбаев Мәскеу қаласына арнайы барып, осында оқып жатқан белсенді қазақстандық студенттермен кездесті. Жиында елімізде қолға алынған реформалар мен жастар саясатындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, отырыс барысында Ресейдегі қазақ жастары «Жас Отанның» орталық кеңесіне мүше болу үшін өздерінің бірқатар үміткерлерін ұсынды.    

Данияр Сүндетбаев, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

- Съезд аясында көптеген тақырыптар көтеріледі. Соның ішінде жастар саясаты, жас кәсіпкерлердің мәселесі, сонымен қатар, жастар туралы заңдағы өзгерістер. Сонымен бірге, біз жастар туралы жаңа тұжырымдама қабылданады деп ойлаймыз.

Мұхтар Баймағұлов, Ресейдегі қазақ студенттері «Жас тұлпар» бірлестігінің төрағасы:

- Болашақта «Жас Отан» саяси кеңесінің мүшелері өзгереді. Соған қатысу науқаны жарияланды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу