Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті

02.02.2018

Оған Еуразиялық Кедендік одаққа мүше елдердің үкімет басшылары қатысты. Өткен жылы одақ көлеміндегі елдер арасындағы экономикалық интеграция қарқыны артып, тауар айналымы 27 пайызға ұлғайған. Дегенмен, тауарларды кедендік декларациялауда кедергілер әлі де бар. Ортақ мәселені қаузаған Үкімет басшылары одақ аумағында тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге қол қойды.

Хабарламаларға жазылу