Асқар Жұмағалиев: Бастауыш сыныптарда ақпараттық сауаттылық ережесі мен робототехника сабақтары енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Жұмағалиев: Бастауыш сыныптарда ақпараттық сауаттылық ережесі мен робототехника сабақтары енгізіледі

02.02.2018

Бастауыш сыныптарда биылғы оқу жылынан бастап ақпараттық сауаттылық ережесі, бағдарламалау және робототехника сабақтары енгізіледі. Алматыда өтіп жатқан Цифрландыруға арналған халықаралық жиында Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев осыны айтты. Оның сөзінше, тың технологияларды игерген кәсіби буын шығады. Ал, жоғарғы оқу орындары білікті кадрларды даярлауға күш жұмсайды. Сондықтан, цифрландыру және инновацияларды енгізу ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың өмір сапасын жақсартады. Айта кетейік, алып шаһарда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форум жұмысы әлі жалғасып жатыр. Сол жерден Ұлттық арна тілшісі Алмат Әбдіраман тікелей байланысқа шығып баяндайды.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу