Сарбаз осыдан бірер күн бұрын түнгі 12-лер шамасында өзі тұратын үйдің кіре берісінде ер адам мен бір қыздың жанжалын байқап қалған. Мән-жайды білмек болып оларға жақындағанда ер кісі тұра қашқан. Ұлттық ұлан сарбазы Тимур Рақымов оны қуып жетіп, ішкі істер органдарының қолына тапсырған. Кейін белгілі болғандай бұзақы студент қыздың iPhone 7 маркалы телефоны мен ақшасын қорқытып, тартып алмақ болған. Қазір қылмыскер тергеу абақтысында, тергеу амалдары жүруде. Ұлттық ұлан басшылығы Тимур Рақымовтың ерлігін елеп, оны «Құқықтық тәртіп әскеріне-25 жыл» медальімен марапаттады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ