Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында  «Мохандас Ганди» орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында  «Мохандас Ганди» орталығы ашылды

01.02.2018

«Бұл жоба екі ел арасындағы бітімгершілік пен достық қарым-қатынасты нығайтады», - дейді ғалымдар. Сондай-ақ, мұнда Үнді топырағының қойнауындағы сырға толы тарихы, мәдени бай мұрасы, тілі мен әдебиетін зерттейтін мамандарды даярлайды. Ашылу салтанатында хинди тіліндегі отандық және өзге де мемлекет зерттеушілерінің материалдары қойылған кітап көрмесі өтті.   

Прабхат Кумар, Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:  

- Біздің мәдениетіміз бен тарихымызды, тілімізді оқып-үйреніп жатқан студенттерді көріп шын қуандым. Бұл бастаманың екі елдің арасындағы ынтымақты күшейтетініне кәміл сенемін.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу