Мәжіліс депутаттары коммерциялық емес ұйымдардың қызметін оңтайландыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Қазіргі таңда бұл салада 29 мыңнан астам адам қамтылған. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ауылдық және қалалық үкіметтік емес ұйымдарға өз ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау қажеттігін айтты. Жалпы, құжатқа сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды енгізу жоспарлануда, ол халыққа көрсетілген қызмет сапасына қанағаттану деңгейі мен жоба тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Үкіметтік емес ұйымдар көрсететін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сапасына, шарттарына, мазмұнына стандарттар, сондай-ақ, әлеуметтік жобаларды бағалау критерийлерін енгізу ұсынылып отыр.
Индира БЕГАЙДАР