Б.Сапарбаев үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Сапарбаев үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті

16.01.2020

Премьер- Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бас қаланың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында Президент Жолдауында айтылған өзекті мәселелер талқыланды. Жиналған қауым Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы негізінде атқарған жұмыстары туралы айтты. Сондай-ақ қоғамда азаматтық ұйымдарға деген сенім мәдениеті деңгейін көтеру, мемлекет пен азаматтық ұйымдардың сабақтастығын арттыру жайы да қозғалды. Олар бұл игі шаралардың барлығы естуші мемлекет негізінде жасалуы тиіс екендігін айтады. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ



Хабарламаларға жазылу