Өткен жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 244 адам қаза тапқан. Олардың дені құрылыс және тау-кен орындарында еңбек еткен жұмысшылар. Өндірісте жалпы саны 1700-ге жуық адам зардап шеккен. Ел бойынша қайғылы оқиғалар әсіресе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарында жиі болған. «Бұған себеп - жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігін сақтамай, жұмысшыларды қажет құрал-жабдықтармен қамтымауынан», - дейді мамандар. Еңбек келісімшартын жасамай, жауапкершіліктен құтылып кетіп жатқан кәсіпорын басшылары да бар. «Жаңа заңнамаға сай оларға жаза қатаңдайды», - дейді мамандар.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ