Жыл сайын 200-ден астам адам өндірісте қайтыс болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл сайын 200-ден астам адам өндірісте қайтыс болады

23.06.2023

Жыл сайын 200-ден астам адам өндірісте қайтыс болады. Бақытсыз жағдайлар әсіресе кен-металлургия, құрылыс саласында көп болады. Бұл туралы еңбек қауіпсіздігінде кәсіподақтардың рөлін арттыру тақырыбындағы халықаралық конференцияда айтылды. Елордада өткен жиында өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеу арқылы жаңа модель құру да талқыланды. Орталық Азия елдеріндегі қалыптасқан жағдайларды қарау арқылы тәжірибе алмасып, бірлескен жұмыстар жасау көзделген. Шараға Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан сияқты бірнеше елдің кәсіподақ өкілдері қатысады. Екі күндік форум жұмысында кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі шараларының тиімділігін арттыру тетіктері әзірленеді.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы: 

Елімізде қалыптасқан медель жазатайым оқиға болғаннан кейін қимылдау. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мүмкін болатын жағдайларды алдын алатын жолды шешу. Еңбек қауіпсіздігін қарастыратын концепция қарастырылды. Ең маңыздысы адамның жұмысқа аман барып, аман қайту мәселесін қарастыруымыз керек.


Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу