Аязға байланысты Астанада 15 ерікті жолдағы адамдарды тегін жеткізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аязға байланысты Астанада 15 ерікті жолдағы адамдарды тегін жеткізуде

22.01.2018

Аяз астаналықтарды жақындата түсті. 30 градустан асқан арқаның сары шұнақ аязында тұрғындар бір-біріне қол ұшын созуға дайын. Мәселен, әлеуметтік желілерде көлікпен жүргендер жолдағы адамдарды тегін жеткізіп, таксилер бағаны көтермеу туралы арнайы бастамалар көтеріліп жатыр. Қазірдің өзінде қалада 15 ерікті адамдарды тегін жеткізіп, халықтың батасын алуда. Мұндай игі шараға мұрындық болғандардың бірі - Аскер Пириев. Бар жұмысын ысырып тастап, таңнан бері аязда қалған тұрғындарды тегін жеткізіп жүрген азамат болашақта дәл осындай бастама үйреншікті жағдайға айналатынына сенімді.    

Аскер Пириев, Астанадағы Түрік этно-мәдени орталығының төрағасы:

- Такси қызметін жасайтын кісілерге ақша табу керек, маусым ғой енді. Бірақ, қатты бағасын көтермесе, жұрт олардың қызметін қолдана алса.. Ал, мүмкіншілігі бар қала тұрғындарына айтарым 2-3 мың теңгеге бензин құйып алса, үлкен жұмыс жасауға болады.

Жалпы, осы апта бойы синоптиктер Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстанда 35-тен 45 градусқа дейін қатты аяз күтілетінін хабарлайды. Сондықтан, Төтенше жағдайлар қызметі осы аралықта алыс жолға шықпауға кеңес береді. Күн райына байланысты ақпараттар қосымша хабарланып тұрады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу