Елордалық оқушыларға тағы да сабақ болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық оқушыларға тағы да сабақ болмайды

20.11.2019
Елордалық оқушыларға тағы да сабақ болмайды

Қатты аязға байланысты бүгін елордада бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды. Бұл туралы ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы таратты.

«20 қарашада қатты аязға байланысты (-27 градус) бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген хабарламада.

Ескерте кетейік, мұндай мәліметті білім беру саласы органдары мәлімдейді. Хабарламалар бірінші ауысымдағы оқушылар үшін сағат 6:15-тен бастап, ал екінші және үшінші ауысым жөнінде сағат 12:00-ден бастап таратылады.

Хабарламаларға жазылу