Солтүстік өңірлерде түнде ауа райы  45 градусқа дейін төмендейді деп болжануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік өңірлерде түнде ауа райы  45 градусқа дейін төмендейді деп болжануда

19.01.2018

Алдағы күндері ел аумағында үскірік аяз орнамақ. Солтүстік өңірлерде  түнде ауа райы  45 градусқа дейін төмендейді деп болжануда. Осыған байланысты «Қазгидромет» орталығы ескерту жариялайды. Қаңтардың 22-26 аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде сынап бағаны -35-40 дейін түседі. Ал, 24-26 қаңтарда -45 градус аяз болады деп болжануда. Осыған байланысты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында елордалықтарды қауіпсіздік шараларына назар аударуға шақырды. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу