Головкинге Қарағанды облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкинге Қарағанды облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді

16.01.2018

Кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы Геннадий Головкинге Қарағанды облысының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Еліміздің абыройын өсіріп, Туын желбіретіп жүрген боксшы айтулы шараға орай туған жерге арнайы келді. Былғары қолғап шеберіне куәлік салтанатты жағдайда табыс етілді.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин соңғы жекпе-жегін мексикалық Сауль Альвареспен өткізді. Ал, келесі додасы осы жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.

Геннадий Головкин, кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы:

- Мен Қазақстанда туғаныма мақтанамын. Әрдайым айтып жүремін. Қарағанды жұрты менің еңбегімді бағалап, үлкен құрмет көрсетіп жатыр. Бұл маған шабыт, күш-қайрат береді. Жерлестерімді алдағы уақытта да үлкен жеңістермен қуантуға барымды саламын.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу