Жаңа жыл түні Теміртаудағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісі жанып кете жаздаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жыл түні Теміртаудағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісі жанып кете жаздаған

09.01.2018

Кеншілер шаһарында үш бала мен бір әйел адам пиротехникадан зақымданып облыстық ауруханаға түскен. Жеткіншектерге ем-дом көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Ал, әйел ауруханада біраз жатады. Себебі, оның желке тұсына түскен пиротехникалық заттан мойны мен шашы күйіп, қатты дыбыстан құлақ тамыры үзіліп кеткен. Сондай-ақ, Жаңа жыл түні Теміртаудағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісі жанып кете жаздады. Бұған қоса, Қарағанды маңындағы Новоузенка елді мекенінде 4 бала жергілікті емхана дәрігерлерінің көмегіне жүгінген. Мамандарының айтуынша, азаматтар пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. 

Динара Мұқашева, қала тұрғыны:

- Өзім байқамай қалдым. 10 метр алыс тұрдым. Бірақ, сонда да желкеме келіп түсті. Шашым, курткам барлығы жана бастады.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу