Алматыда «жиһадқа» үндеген қарулы топ полицейлерге шабуыл жасамақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «жиһадқа» үндеген қарулы топ полицейлерге шабуыл жасамақ болған

11.12.2017

Алматыда террорлық акт жасауға үндеген бір топ азамат құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымның өкілдеріне шабуыл жасамақшы болған. Әлеуметтік желі арқылы «жиһадқа» үндеген қарулы топ 29-қарашы құрықталған болатын. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, Жұмағұлов, Өміров, Әбішев деген күдіктілер екі айға қамауға алынған. Тергеу барысында олардың полиция қызметкерлеріне қоңырау шалып, отбасы мүшелерін қорқытуды жоспарлағаны белгілі болған. Сондай-ақ, камуфляж мен бетперде киіп, мемлекеттік органдардың басшыларына видеоүндеу жолдамақ болған. Жұмағұлов есімді азамат жеке кәсіпкерлерден ақша бопсалайтын қылмыстық топ құрып, сол ақшаға Қырғызстаннан қару әкелуді де ойластырыпты.

Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

- Мұндай іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында олар көптеген ұялы телефон және тиесілі сим карталарды иемденбекші болған. Сол үш азаматтың бірі сотталған. Өте ауыр қылмыстар жасағаны үшін. Адам өлтіру дерегі де бар екен. Барлығы жұмыссыз.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу