Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында суармалы егіс алқабы тағы 700 гектарға ұлғайды. Шаһар іргесіндегі Үш қайық ауылы маңынан сыйымдылығы 1 млн. 700 мың текше метр болатын су қоймасы салынды. Аңғардың жағасына қоныстанған қос ауылдың халқы бұған дейін көктемде тасқын судан үрейленсе, ала жаздай егістікке су жеткізе алмай қиналатын. Жермен жан баққан шаруаның кейбір жылдары еккен егіні піспей жатып қурап, шығынға бататын. Осыны ескерген жергілікті билік былтыр «Қарашық» су қоймасының құрылысын бастап, жылға жетпейтін мерзімде аяқтап отыр. Жалпы, өңірде ағын суды тиімді әрі үнемді пайдалану мақсатында, келер жылы 30 су қоймасының құрылысы басталмақ.
Қалкөз Ақылбеков, ауыл тұрғыны:
- Біз, 2 ауыл бұрын 300 гектар егетін болсақ, енді су мың гектарға жетеді. Бидай егеміз, жоңышқа егеміз, қауын-қарбыз егіледі. Жүгері егіледі. Оған су жетеді. Бәрі егеміз деп ұмтылып отыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ