Елімізде 20 жаңа су қоймасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 20 жаңа су қоймасы салынады

30.01.2024

Қазақстандағы су ресурстарын тиімді пайдалану үшін 2 трлн теңге қажет. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осылай деді. Ол бүгін үкіметке 2030 жылға дейінгі министрліктің жұмыс тұжырымдамасын таныстырды.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Өткен жылдың қыркүйек айында құрылған министрлік ел бойынша барлық , яғни 400 ден астам қойманы, технологияны зерттеген. Біразы әбден тозған, ескі тәсілмен жұмыс істеп жатқардар көп екен. Жаңа технология енгізіп, нысандарды жөндеу жоспары жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жасалған. Осылайша, еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 20 жаңа су қоймасын салу және қолданыстағы 15 су қоймасын қайта жаңғырту, сондай-ақ 14 мың км астам суару арналары мен гидротехникалық құрылыстар жаңғыртылмақ. Жалпы, елімізде суды көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы саласы екені белгілі. Әлихан Смайылов олардың жаңа ьехнологияға өтуіне барынша көмектесуіміз керек деді. қазір фермерлерге су беру құны субсидияланады. Ал, су үнемдеу технологияларын сатып алуға жұмсалған шығынның 50%-ын өтеледі. Биылдан бастап, заманауи құрылғы сатып алған кезде оның құнының 80 пайызын мемлекет төлейтін болады. Жалпы, елімізде су үнемдеу жүйелерін енгізу қарқыны төмен деңгейде қалып отыр. «Технологиялар құны қымбат. Оған диқандардың көпшілігінің шамасы жетпейді. Сондықтан оларды өзімізде шығаруды қолға алу керек. Мұндай жобалар қазірдің өзінде талқылануда. Оларды іске асыруымыз қажет», — деді Премьер-Министр. Трансшекаралық өзендердің мәселесін де уақытылы әрі тиімді шешу керек. Бүгін министрліктің таныстырған тұжырымдамасы қабылданды. Алдағы шығарылымдардв тағы толықтырып айтамын.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу