Арқалық қаласында келесі жылы екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арқалық қаласында келесі жылы екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады

06.12.2017

Олар - ет өңдеу кешені мен бройлерлі құс фабрикасы. Жобалардың жалпы құны 2 млрд.теңгеге бағаланып отыр. Нысандар іске қосылса, 150 жұмыс орны ашылады. Бірінші кезең аясында 12 құс қорасын салу көзделген. Өңірде жұмыртқа бағытындағы фабрика бар. Ал, жаңа жоба етті бағытта болмақ. Жалпы, нысан 150 мың бройлерлі құс өсіруге қауқарлы. Ал, екінші жоба - ет өңдеу зауыты. Кешенде тәулігіне 10 тоннадан артық ет өңдеуге болады. Жалпы, моноқаладағы шағын және орта бизнестің несиеге қолжетімділігін арттыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен пайыздық мөлшерлемесі 1-2 пайызға тең 1 млрд. теңге бөлу туралы келісім жасалды.  

Мейіржан Мырзалиев, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:

- Оңтүстік өңірлерде ет өңдейтін зауыт жоқ. Ірі қара мал еш өңдеусіз өзге өңірлерге сатылып жатыр. Егер біз зауыт салып, соны өңдеп, қосымша құнын қоссақ, мұнда жұмыс орны ашылады. Екіншіден, өңірге салық түседі.

 

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу