Ақпарат министрі Қазақстандағы «Internews Network» өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат министрі Қазақстандағы «Internews Network» өкілдерімен кездесті

28.01.2022
Ақпарат министрі Қазақстандағы «Internews Network» өкілдерімен кездесті

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Қазақстандағы «Internews Network» өкілдігімен онлайн кездесу өткізді. Шараға өкілдік директоры Марат Бигалиев, медиасауат жөніндегі өңірлік кеңесші Гүлнар Асанбаева, медиақұқық жөніндегі өңірлік кеңесші Ольга Диденко, сондай-ақ министрліктің ақпарат саласы мәселелеріне жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында медиа саласының мамандарын оқыту, ақпаратқа қол жеткізу, медиасауат және медиаэтика саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.


Хабарламаларға жазылу