Жаңаөзенде жол апатына ұшырағандардың алғашқы легі ауруханадан шықты

04.12.2017

Денсаулығы жақсарған 15 адам үйіне оралды. Әлі 9-ы ауруханада жатыр. 3 науқас жансақтау бөлімінде. Олардың жағдайы әлі ауыр күйде.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні Теңге ауылы маңындағы теміржол өткелінде тепловоз бен жолаушылар мінген «Газель » автокөлігі соғысып, 36 адам зардап шекті. 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Осы жағдайдан кейін облыс бойынша темір жол бойындағы тәртіп күшейді. Заңсыздыққа жол берген учаске басшысы жұмысынан босатылып, 3 лауазымды тұлға қызметінен уақытша шеттетілді. Тергеу амалдары әлі  жалғасуда.

 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу