Оған себеп – кәспорындардағы технологияның жаңаруы. Мұны бүгін өңір басшысы Ерлан Қошанов Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ерлан Қошанов өңірдегі ірі кәсіпорындарды жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Атап айтсақ, жыл соңына дейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 4,2 тонна болат, «Қазақмыс» корпорациясы 320 мың тонна мыс, ал «Шұбаркөл көмір» компаниясы 11 миллион тонна көмір өндірмек. Өңір басшысының сөзінше, соңғы он ай ішінде әр сала бойынша да оң өсім бар.
Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:
- Ауыл шаруашылығында 210 миллиард теңгеге өнім өндірілді. Бұл өткен жылғы деңгейден 7 пайызға артық. Ауыл шаруашылығына 260 миллиард теңге инвестиция салынды. Бұл былтырғы жылға қарағанда 3,8 пайызға артық. Құрылыс саласында 134 миллиард теңгеге жұмыс орындалып жатыр.
Биыл Қарағанды облысы 1 200 қойдың етін Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттамақ. «Осылайша, ауыл шаруашылығы өнімдерін шет мемлекеттерге шығару 24 пайызға өсіп отыр»,-дейді әкім.
Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:
-Тағы бір мысал бар. «Евразия Инвест» кәсіпорны Еуропаға биенің құрғақ сүтін экспортқа шығара бастады. Биыл кәсіпорын кеңейіп, өндіріс екі есеге артты. Қосымша тағы 100-ге тарта жұмыс орны ашылды. Жалпы айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін шет елдерге сату 24 пайызға артып отыр.
Ерлан Қошанов көктемде болуы мүмкін су тасқындарына дайын екенін де жеткізді. Оның сөзінше, биыл су тасқыны болуы мүмкін өңірлердегі үйлердің бәрі аман қалған. Ал, алдағы жылдары осы апаттарды болдырмау үшін қауіпті деген 9 елді мекеннің айналасына топырақтан биіктігі 1,5 метрлік бөгеттер салынбақ.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ