Бүгін – Дүниежүзілік балаларды қорғау күні. 1989 жылдың 20 қарашасында Біріккен Ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы балалар құқығы жөнінде конвенция қабылдаған. Осыған орай елордада халықаралық жиын өтті. Конференцияға еліміздің және шетелдік мыңнан астам сарапшы қатысты. Сондай-ақ, оған Қазақстанның әр өңірінен 300-дей оқушы жиналды. Шарада еліміздегі балаларға қатысты түйткілді мәселелер айтылып, оларды шешу жолдары мен сөз болды. Кездесуде келген Бала құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның сөзінше, балаларға қатысты құқықбұзушылық фактісі биыл азайған. Мәселен, өткен жылы 2 мыңға жуық жағдай тіркелсе, биыл оның саны 1568-ге дейін азайған. «Алайда, еліміздегі ең ауыр жағдай – балалардың өз-өзіне қол жұмсауы», - дейді депутат.
Зағипа Балиева, ҚР Балалар құқығы жөніндегі уәкіл:
- Тәжірибе ретінде былтыр бірінші рет бастадық. Ол ұнады. Енді жыл сайын балалармен кездесу өткіземіз. Қорытындысы бойынша депутаттар қатысады, қай жерге өзгерістер енгізу керек, оны қазір анықтаймыз. Ертең кешке жақын оның қорытындысын шығарып, депутаттарға береміз. Өзім депутат ретінде заң жобасын дайындаймын.