Қырғызстанға техникалық көмекке берілмек болған 100 млн доллар  кері трансфертке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанға техникалық көмекке берілмек болған 100 млн доллар  кері трансфертке қайтарылды

09.11.2017

2017 жылдың шығыстары 11 трлн. 177 млрд теңге болып қайта бекітілді. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттің жаңартылған түрі таныстырылып, құжат қабылданды. Қырғызстанға техникалық көмекке берілуге тиіс болған 100 млн доллар  кері трансфертке қайтарылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 4 млрд теңге шығыстар көзделеді. Бұл  жолы шығыстар 62 млрд теңгеге үнемделіп отыр. Жалпы ішкі өнім 2,9%-дан 3,1% шамасында деп есептелген. Әзірге, бюджет кірісінің өзі 4 трлн. 953 млрд теңге. Бұл жоспардан 60,8 млрд теңгеге жоғары.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу