БҰҰ: Ауғанстанға көмекке 19 млн доллар қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ: Ауғанстанға көмекке 19 млн доллар қажет

19.10.2023

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Азық-түлік» бағдарламасы Ауғанстанда жер сілкіністерінен зардап шеккен ондаған мың адамға көмекке 19 миллион доллар жинау туралы өтініш жасады.

Айта кетсек, бұл мемлекеттің батысындағы Герат провинциясында соңғы он күнде үш рет зілзала болды. Халықаралық ұйымдар мен Талибан үкіметі таратқан мәліметке қарағанда, қуаты 6 жарым баллға жуықтаған жер дүмпулерінен 25 мыңдай үй қирап, 2 мыңдай адам қаза тауып, 100 мыңдай тұрғын азық-түлікке мұқтаж болып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу