Мемлекеттік органдар өзіне тән емес 15 мыңға жуық функция атқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік органдар өзіне тән емес 15 мыңға жуық функция атқарады

07.11.2017

Мемлекетке тән емес функциялар бәсекелес ортаға беріледі. Бүгін Мәжілісте осындай мақсатты көздеген құжат таныстырылды. Бұл бірінші кезекте Үкіметтің жұмысын жаңғыртып, жүйелеуге, бәсекелес ортаны дамытуға мүмкіндік береді. «Мемлекеттік органдар өзіне тән емес 15 мыңға жуық функция атқарады. Бұл Үкімет жұмысына кедергі келтіріп, істің тез алға баспауына сеп болады», - дейді мамандар. Мемлекеттік функцияларды өткізуде бірнеше мәселе бар. Ең бастысы - жүйелілік жоқ. Енді бұл заң осы кедергілерді реттейді. Заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97-ші қадамын іске асыру үшін әзірленген.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу