109 қызметіне қоңырау шалушылардың саны артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

109 қызметіне қоңырау шалушылардың саны артқан

27.12.2017

Мәселен, биыл халықтан 440 мыңға жуық өтінім түсіпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мыңға артық. Мемлекеттік мекеме басшысы осылай дейді. Орталыққа тұрғындар көбінесе елдегі әлеуметтік, тұрмыстық, коммуналдық мәселелер бойынша арыз-тілектерін жеткізеді. 24 сағат бойы жұмыс істейтін 15 оператор күні-түні тынбай халықтың кез келген сұрағына жауап береді. Тіпті, күні кеше елордадағы сабақтың болмауы жөніндегі ақпарды да дәл осы мекеме таратқан болатын.  Орталық осылайша дәлелді ақпараттарды халыққа уақтылы жеткізу қызметін атқарады. Кей күндері қоңырау саны 14000-ға жетіп жығылады екен. Бұқара мен билікті байланыстырған 109 қызметі алдағы уақытта бағыт санын арттыруды көздеп отыр. 

Мұрат Аманшиев, «109 кезекші қызметі» мемлекеттік мекемесінің басшысы:

- Жыл сайын бір саты болсын алға қарай жылжуға тырмысамыз. Осыдан он жыл бұрын 10-15 бағытта жұмыс жасасақ, қазір 300-ден аса бағытта жұмыс жасаймыз. Тіпті, әкімге қарата айтылған арыз-тілектерді де жеткіземіз.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу