Астанадағы «Көрме» ғимаратында Орталық Азияда көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі басталды. Атауы - «Translogistica». Шараның аясында көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуден бастап, жүкті сақтау мен өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге дейін салалық толық кешені көрсетілуде. Көрмеге шетелдік ұйымдар мен компаниялар келген. Бірақ, шарадағы экспозициялардың 35 пайызы қазақстандық компаниялардың үлесінде. Көрме 3 күнге созылады. Сол уақыт арасында халықаралық компаниялар тәжірибе алмасады. Жалпы, қазірдің өзінде көлік логистикасы бағыты бойынша Қазақстанмен көптеген елдер ынтымақ, байланыс орнатқан.
Улдис Рейманис, Латвия Республикасы Мемлекеттік хатшысының орынбасары:
- Қазақстан мен Латвия өте маңызды серіктес саналады. Оған екі елдің бірлескен жобалары мен теміржол бағатындағы ауқымды жұмыстар дәлел. Алдағы уақытта да екі ел арасында асарласқан жобалар жетерлік. Осындай көрмелер сондай үлкен істердің маңызды қадамдарын айқындайды.
Азамат НҰҒЫМАНОВ