Атырауда заңсыз құс аулаған азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда заңсыз құс аулаған азамат ұсталды

31.10.2017

Атырауда «Қызыл кітапқа» енген сирек құстарды заңсыз ұстаған азамат полицейлердің назарына ілікті. «Учаске» жедел алдын алу шарасы барысында инспектор Сарыарқа мөлтек ауданындағы көпқабатты үй  балкондарының бірінен  жыртқыш құстарды көзі шалып қалған.

 

Тексере келе екі құстың да керекті құжаттары болмай шықты. Жоғалып кетуге шақ тұрған ителгі құстарының иесі  1962 жылғы  Оңтүстік Қазақстан облысының азаматы  қанаттыларды  белгісіз біреуден 150 мың теңгеге сатып алғанын айтуда.

 

Нұрлыбек Өтениязов, ІІД Жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау полиция бөлімшесінің бастығы:

 

- Учаскелік полиция инспекторы мен табиғатты қорғау полиция қызметкерлері шақырылып, ителгі, лашын құстары екені анықталды. Құстар аумақтық инспекцияға тапсырылып, осы факт бойынша ҚР 339-бабымен іс көтеріліп, соталды тергеу жүргізілуде.

 

 

Өнербек ЖАҢАБАЙ

Хабарламаларға жазылу