Шараның ашылуында әлемнің әр қиырынан келген ардагерлер Панфилов паркіндегі мәңгілік алауға гүл қойды.
Сондай-ақ, Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің рухына тағзым етті. Жалпы, форумда бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер, ұрпақ тәрбиесі, патриоттық тәрбие беруді заман талабына сай жетілдірудің жолдары талқыланды.
Сондай-ақ, Кеңес үкіметі кезінде әр аймақта әскери борышын өтеген сарбаздарға ардагер мәртебесін беру мәселесі көтерілді. Мәселен, Тәжік-Ауған шекарасында қызметте болған шекарашыларды Ауған соғысының ардагерлеріне теңеу қажеттілігі айтылды.
Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бүгінгі жиын бекер емес. Бүкіл ауған жігіттері отан үшін жан берген, отан үшін ант алғандар жиналып отыр. Біздің елімізде тыныштық болсын, кең-байтақ жеріміз аман болсын.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ