Алматыда I халықаралық жазушылар форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда I халықаралық жазушылар форумы басталды

11.09.2018

Оған әлемнің әр қиырынан қаламды қару еткен ақын-жазушылар келіп, жаһандану үдерісінің қоғамға ықпалы туралы тұщымды ой-пікірлерін айтты. Қаламгерлер «қазіргі әдебиетте адамды ізгілікке, әлемді тыныштыққа шақыратын шығармалар аз», - дейді. Сондықтан, көптеген елдерде соғыс оты өршіп тұр.

Осы себепті жазушылар қауымы бас қосып жалпы адамзатты бейбітшіліке шақыратын өзекті тақырыптарды талқылады. Енді олар мұндай маңызды пікір алмасу шараларын жиі өткізіп, бірлесіп жұмыс істемек.   

Дулат Исабеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы-драматург:

- Қазіргі кездегі форумдардың философиялық мәнінен гөрі практикалық мәні бірінші орында тұру керек. Өйткені, мына жерде дүрілдеп соғыс өтіп жатыр. Мына жақта Америка Ресейге санкция жариялап жатыр. Оның әсері Қазақстанға тиюде. Осындай әлемде үлкен бір қауіп-қатердің алдында тұрғанда жазушылардың сөзі керек.   

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу