Әлеуметтік желілерде жедел жәрдем қызметкерінің ерсі әрекеттері түсірілген бейнежазба халық наразылығын тудырды. Видео авторының сөзінше, науқастың шақыртуына келген мейіргердің көліктен түсуге шамасы жоқ. Оқиға кеше таңертеңгі сағат 7:30-да болған. Бригаданың өзі науқастың үйіне шақыртудан кейін 1 сағаттан соң ғана жетіпті. Ал, Астана Денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәлімдеуінше, осы жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде. Тексеріс кезінде оқиғаның басты кейіпкерлері жұмысынан уақытша босатылды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ