Ақтөбе тұрғындары тағы да жедел жәрдем шақыра алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе тұрғындары тағы да жедел жәрдем шақыра алмады

12.01.2024

Ақтөбеліктер тағы да жедел жәрдем шақыра алмай, әуреге түсті. Кеше кешкі мезгілде тұрғындар 103 қызметіне хабарласа алмады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, шақыртулар ахуалдық орталық арқылы қабылданған. Қазір «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамының мамандары байланысты қалпына келтіріп жатыр.

Бұған дейін бесінші-жетінші қаңтар аралығында жүйеге хакерлік шабуыл жасалып, жедел жәрдемге хабарласу мүмкін болмаған еді. Ал облыстық полиция департаменті қылмыстық кодекстің «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникауиялар желісінің жұмысын бұзу» бабымен іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу