Елімізде астық жинау науқаны аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде астық жинау науқаны аяқталды

23.10.2017

Биылғы түсімнің көлемі былтырғыдан жоғары. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді. Биыл майлы дақыл мен бұршақ тұқымдас дақылдардың егіс көлемі артқан. Нәтижесінде жиналған өнім өткен жылмен салыстырғанда 376 мың тоннаға немесе 18 пайызға артып отыр. Бұдан бөлек, астық сапасын арттыру мақсатында тұқым мен тыңайтқыштарды пайдалану бойынша тиісті жұмыстар атқарылған. Мәселен, қаржыландыру, субсидиялау көлемі екі есеге артты. Жыл өткен сайын элиталы тұқымнан сапалы астық алу көлемі ұлғайып келеді. 

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Гектарына орташа 14,3 центнер өнімділікпен 21,9 млн. тонна астық жиналды. Жинау қарқыны былтырғы жылдан 1,1 млн. гектарға жоғары болды. 3,4 млн. тонна арпа жиналды, бұл бағдарламаның индикаторынан 600 мың тоннаға жоғары. Майлы дақылдардың 2 млн. гектары немесе 80 пайыз алқабы жиналды. Жинау қарқыны өткен жылдан 636 мың гектарға жоғары.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу