Елімізде наркологиялық есепте тұрғандардың саны 190 мыңға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде наркологиялық есепте тұрғандардың саны 190 мыңға жуықтады

20.10.2017

Мамандардың айтуы бойынша олардың басым бөлігінің жасы 18 бен 35 аралығында. Алкогольге әуестенгендер 140 мыңға жуықтаса, есірткіге тәуелділер отыз мыңға тарта екен. Бұл туралы алькогольге қарсы республикалық апталықта белгілі болды. Бір топ белсенділер Астанадағы жаңа вокзалда арнайы акция ұйымдастырып, қала тұрғындары мен қонақтарына тегін психологиялық және наркологиялық кеңес берді.

Тоқтар Қойшыбеков, нарколог:

- Шындықты айтсақ, есірткі мен алкогольдік тәуелділікті салыстырсақ, алкогольдік тәуелділік жасарып бара жатыр. Біздің алькогольдік есебімізде 18-35 жастағы арасында нашақорлар көп.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу