Бұл – шырайлы шаһардың 377 жылдық мерейтойына арналған тамаша тарту. 3,5 мың гектар аумақты алып жатқан саябақ неоклассикалық стильде бой көтерген. Мұнда амфитеатр, көрме павильондары, тоғандар, «Дос-Мұқасан» тобына арналған сәулетті композиция орналасқан. Ретро-саябақ қала тұрғындары үшін ерекше демалыс орнына айналмақ.
Дариға Мұханғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:
- Қатты қуанып жатырмыз. Мынау осындай Атырау қаласында парк салынғанына. Басқа қалаларға барғанда қатты қызығушы едік. Енді өзіміздің шаһарда да бар. Енді сенбі сайын немерелерімізбен келіп осында қыдырамыз.
Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ