Дәрі-дәрмектің қымбаттауына жол жоқ

12.10.2017

Биыл қымбат дәрі-дәрмектердің есебінен амбулаторлық қамсыздандыруға кететін дәрілердің тізімі  кеңейтілді. Мәселен, С гепатитін емдеуге арналған қымбат дәрінің орнын интерферонды терапиясы жоғары дәрілер ауыстырды. Осымен бюджетті сақтай отырып, аталмыш дәрі арқылы дертінен айығатын адамдардың санын 8 мыңға дейін арттыруға болады. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді. 

Фармацевтикалық нысандарды тексеруде жемқорлықтың алдын алу да маңызды болып тұр. Министрлік тарапынан жүргізіліп жатқан тексерулерге, фарматексерушілердің де қатысуы қатаң бақыланады. Сондай-ақ,  дәрі-дәрмектердің қымбаттауына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізіледі, - дейді комитет басшысы.

Людмила Бюрабекова, Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы:

- Мемлекет тарапынан сатылып алынып жатқан дәрілердің тізімін жасау мен ашықтықты ұстану мұндай проблемаларға жол бермейді. Сондай-ақ, сол дәрілік заттардың бағасын реттеудің қолданыстағы жүйесін жағырту да өзекті мәселе. 

Одан бөлек, медициналық техника мен дәрілік препараттарды сатып алуды орталықтандыру мен электронды сатып алуға көшу көмектеседі деп ойлаймын.  Әрі әкімшілік кедергілерді азайтсақ  дәрілердің тізімін  тіркеу жұмыстары жеңілдемек.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу