Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектің 200 түрінің сатылып келгені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектің 200 түрінің сатылып келгені анықталды

16.07.2020
Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектің 200 түрінің сатылып келгені анықталды

Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектің 200 түрінің сатылып келгені анықталды

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

«Мониторинг топтарына дәрі-дәрмектің шекті бағасы мен оның заңсыз сатылуын қадағалау міндеті жүктелген болатын. Аймақтардан келіп түскен мәліметке сәйкес, мониторингпен 1400-ден астам дәріхана ұйымы қамтылған. Жалпы мұндай ұйымдардың саны Қазақстанда – 8 мың. Өңірлерде елге қажетті дәрі-дәрмектің (кейбір жерде 2-3 есе) қымбат бағамен сату жағдайы әлі де тіркеліп жатыр. Сонымен қатар тіркелмеген дәрі-дәрмектің 200 түрінің сатылып (құны 110 млн теңгелік) жатқаны анықталды. Осы жағдайлар бойынша ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарасты өңірлік департаменттерде 65 әкімшілік материал бар. Қазіргі таңда жалпы сомасы 972 мың теңге болатын 12 әкімшілік айыппұл салынды», - деді ол.


Хабарламаларға жазылу