Қарағанды облысында Орта Азиядағы ең үлкен әрі қуаты 100 мегабаттық Күн электр станциясы салынады. Кешеннің құрылысын Германия тарапы қаржыландырады.
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Германия экономикасының Қазақстандағы күндеріне арналған конференцияда айтылды. Аталған жоба «ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы келісімдер нәтижесінде іске асып отыр. Бұдан бөлек, Павлодарда Германия іскерлерімен бірлескен алюминий ерітіндісін шығаратын зауыт ашылған. Кәсіпорын жылына 250 мың тонна алюминий шығарады. Бұл Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырады.
Амангелді СЕЙІТХАН