Жол жөндеуде жаңа технология қолданылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол жөндеуде жаңа технология қолданылмақ

05.10.2017

Жол жөндеуде мамандар жаңа технологияға иек артпақ. Арнайы техниканың көмегімен ой-шұңқырларды  мінсіз етіп жамауға болады. Тың тәсіл Шығыс Қазақстанда сыналды. Бұл әдістің ерекшелігі – жөндеу кезінде көп уақыт кетпейді.  Әрі жаңбырлы ауа райы да оған кедергі емес.

Сонымен қатар, дәстүрлі әдістерге қарағанда,  қаржы үнемдеуге болады. Құны  әлдеқайда арзан. Жаңа технология Ресей мен Беларусь елдерінде жақсы нәтиже берген. Бұл әдіспен төселген жолдардың қыста шыдас беру-бермеуі енді бақыланбақ.

Нәтижесі жақсы болса, аймақтың барлық өңірлерінде қолданылады.       

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу