Жаңа технология өнімділікті арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа технология өнімділікті арттырады

29.03.2019

Елордадағы жоғары оқу орны фермерлермен жұмысты күшейте түсті. Олар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына жаңа технологияларды енгізуге көмектесуде.

Мамандардың айтуынша, егіншілік технологиясын қолдану астықтың өнімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда университет 822 фермер, 169 ауыл әкімін де оқытып шыққан. Енді олар өз аймақтарында жаңа жүйені пайдаланудың тетіктерін үйрете алады. «Осылайша аз шығынмен мол өнімге қол жеткізуге болады»,- дейді университет мамандары.

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры:

- Соған байланысты біз былтыр 4 облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 9 шаруашылықты таңдап алдық та, сол дәрмендік технологияны енгіздік. Соның нәтижесін көрсеттік фермерлерге. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу