Ағза мүшелерін саудалаған сайт жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағза мүшелерін саудалаған сайт жабылды

05.10.2017

Батыс Қазақстанда адам ағзасының мүшелерін сатумен айналысқан сайт жабылды. Тасқала аудандық прокурорлары ғаламтордағы БАҚ-на сараптама жасап, күмәнді интернет-ресурсты анықтады.

Заң бойынша елімізде адам ағзасының мүшелерін сатуға және сатып алуға тыйым салынған. Бірақ, ғаламторда «көлеңкелі нарық» саудасы қызып тұр. «Мұндай қадамға тұрғындар тұрақты табыстың жоқтығы мен несие қарызын, жұмыссыздығын желеу етіп  барады», -  дейді прокурорлар.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу