Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының саны жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, 2014 жылы республика бойынша 2211 БАҚ тіркелсе, 2015 жылы 2711-ге дейін өскен.
Ал, былтырғы көрсеткіш бойынша еліміздегі баспасөз саны 2973-ке жеткен екен. Үш жылдың өзінде ғана Қазақстанда 800-ге жуық жаңа бұқаралық ақпарат құралы пайда болған.
Елімізде 2 497 баспасөз, 160 интернет-портал мен ақпараттық агенттік бар. Сондай-ақ, 139 телеарна, 66 радио хабар таратады.
Альбина ӘШІМ