Baq.kz ақпараттық агенттігінің құрылғанына 4 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Baq.kz ақпараттық агенттігінің құрылғанына 4 жыл толды

24.11.2014
Baq.kz ақпараттық агенттігінің құрылғанына 4 жыл толды

Бүгін – мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және интернет желісінде қазақ тілді БАҚ-тың ықпалын күшейту мақсатында құрылған BAQ.KZ ақпараттық агенттігінің құрылғанына 4 жыл толды.

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі 2010 жылдың 24-қарашасында тұсауын кескен ақпараттық портал бүгінгі күні алыс-жақын шетелдегі қазақтілді оқырмандардың басын қосатын алаңға айналып үлгерді.

Мақсаты – интернет желісінде қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарына бір ғана сілтемемен қол жеткізуге мүмкіндік беретін ортақ алаң құру, қазақ тіліндегі контенттің көлемі мен сапасын, қазақтілді оқырманның белсенділігін арттыру.

Порталдың жаңалықтар мен өзекті сараптамалық мақалалар жарияланатын айдарларымен қатар арнайы жобалары да жұмыс істейді. Ел тарихына қатысты «Асыл қазына», «Саңлақтар» және «Жаһан қазақтары» бөлімдері бүгінгі күні оқырман қызығушылығына ие болған жобалар.

Baq.kz-те еліміздің қазақ тіліндегі 75 газет, 22 журнал сайты және 85 электронды БАҚ топтастырылған, сондай-ақ, портал қолданушылары 12 радио мен 14 телеарнаны онлайн жүйесінде көре алады.

«Аймақтық БАҚ» бөлімінде сайттары жоқ 174 газеттің жеке парақшалары жұмыс істеуде. «Блогтар» бөлімінде 190 блогшы интернет-күнделіктерін ашып, пайдалануда.

Baq.kz ақпараттық агенттігін 4 жылдығымен құттықтаймыз!

Хабарламаларға жазылу